Рыбакина Вашингтондағы турнирде тап болған проблемасын айтты
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Вашингтондағы WTA-500 турнирінде өзін мазалап жүрген аяғындағы мәселе жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің екінші айналымында Рыбакина канадалық Виктория Мбоконы 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
«Менде аяқпен үнемі бір мәселе болады. Кейде ол күрделі, кейде аздап жақсырақ болады. Әрине, ареналарды ауыстыру оңай емес, біз командамен бұл жағдайды еңсеруге бар күшімізді салып жатырмыз. Алдағы уақытта жағдайым қалай болатынын көреміз, бірақ бұл мәселе маған көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Бүгін матч барысында өзімді жақсы сезіндім, алдағы уақытта да жағдай жақсара түседі деп үміттенемін», – деді Рыбакина матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Елена Рыбакина АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің ширек финалына шықты. Ол енді америкалық Винус Уильямс пен польшалық Магдалена Френх арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.