Қазақстан Премьер-лигасының үздіктерді анықталды

Қазақстан Премьер-лигасының үздіктерді анықталды

Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасындағы үздіктерді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Үздік ойыншы» атағы Қостанайдың «Тобылы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноковқа бұйырды. Бұл марапат клуб капитандары мен бапкерлерінің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Маусым айында Чесноков 3 матч өткізіп, 2 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

«Үздік бапкер» номинациясында «Астана» командасының бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян жеңіске жетті. Маусым айында елордалық клуб екі рет жеңіске жетіп, бір ойында тең нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда «Астана» турнир кестесінде көш бастап тұр.

Еске салайық, наурыз айында үздік ойыншы атағын Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») бөлісіп алған болатын. Ал сәуір және мамыр айларында Сәтпаев үздік деп танылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или