«Тәуекел артты». «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойынында не дұрыс емес?

«Тәуекел артты». «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойынында не дұрыс емес?

22 шілде күні Финляндияның Купио қаласында «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын жергілікті «КуПС» командасына қарсы өткізді. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Қазақстандық танымал футбол маманы Асқар Қожабергенов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында ойын туралы пікір білдірді.

– Тең есеп тіркеледі деп үміттендім. Жалпы алғанда, «КуПС» деңгейі жағынан «Қайраттан» асып түскен жоқ, сондықтан матч тең аяқталуы тиіс еді. Біріншіден, маған алаң өте кішкентай көрінді, ал бұл «Қайраттың» жедел қарымта шабуылға шығуындағы басты артықшылығының іске аспауына себеп болды.

Ойынға дейін-ақ «КуПС» қорғанысқа ерекше мән беретінін білдік. Бірінші кезеңде финляндиялық команда қақпасына гол жіберген жоқ, сондықтан олар алға ұмтылмай, қорғанысты реттеуге шешім қабылдады. «Қайраттың» жоғары прессинг жасап, қарсыласын айып алаңына дейін қыспаққа алу мүмкіндігі болды — біздің ойыншыларда екі қауіпті сәт те болды. Бірақ тәуекел артқан сәтте олар бұл әрекеттерін доғарып, қарапайым ойнай бастады.

Бірінші таймда бірнеше сәт болды: бір гол есепке алынбады, бразилиялық ойыншы өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Екінші таймда «Қайрат» қорғаныстағы зейін мен ұйымшылдықты арттыруы керек еді. Менің ойымша, алматылықтар сәл босаңсып кетті. Бірінші голды еске алсақ, Сорокинге асығып, Жоржиньоға тік пас іздеудің қажеті жоқ еді. Мүмкін, сәл күтіп, пас арқылы шабуылды дайын түрде ұйымдастыру керек шығар, бірақ ол дайындалмаған пас беріп қойды, ал Жоржиньоны доптан айырылып қалды, одан кейін қарсы шабуыл басталды.

Айта кету керек, екі гол кезінде де біз айып алаңы алдындағы аймақты бос қалдырдық, ал соққылар 16-17 метр қашықтықтан дәл тоғыздыққа бағытталды. Сорокин мен Мартыновичпен қатар, Тапалов үшінші орталық қорғаушы ретінде ойнады, ал Мата мен Мрынский вингерлер позициясында болды. Үш орталық қорғаушы болғанымен, құрамда қорғаныс бағытындағы орталық жартылай қорғаушылар да бар еді. Олар да қорғанысқа тым шегініп, айып алаңына кіріп кетті де, айып алаңы алдындағы аймақ бос қалды. Екі соққы да әдемі орындалды – тоғыздыққа дәл тиді.

Ойын алдындағы мүмкіндік 50 де 50 болған болса, енді ол едәуір төмендеді, себебі «КуПС» қорғана біледі және есепті сақтап қалуы оңайға соғады. «Қайратқа» финдердің тығыз әрі шебер қорғанысын бұзу өте қиын болады. Бірақ үміт үзбейік – ұзақ ұшу, таулы аймақ пен кең алаң әсер етіп, алматылықтар екі голды қайтарып, үшінші кезеңге шығу үшін күресуге мүмкіндік алады деп сенемін, – деп қорытындылады маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или