«КуПС» – топ клуб емес». Қазақстандық танымал футбол маманы «Қайраттың» қарымта кездесудегі мүмкіндігі туралы

«КуПС» – топ клуб емес». Қазақстандық танымал футбол маманы «Қайраттың» қарымта кездесудегі мүмкіндігі туралы

22 шілдеде Финляндияның Куопио қаласында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» жергілікті «КуПС» клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық танымал футбол маманы Андрей Ферапонтов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында алматылықтардың қарымта кездесудегі мүмкіндіктері жайлы пікір білдірді.

– Мүмкіндік бар, әсіресе өз алаңында. Бірінші таймда «КуПС» тарапынан қателіктер көп болды, «Қайратта» сәттер мен шабуылдар жеткілікті еді. Егер қарымта ойында «Олимпиямен» болған матчтағыдай стадион толы болатын болса, ал мен сол ойында болдым және қандай атмосфера болғанын жақсы білемін, онда мүмкіндік бар. Сонымен қатар жасанды алаңнан табиғи алаңға ауысу және ұшып келу де ойынға әсер етуі мүмкін.

0:2 – бұл апат емес, қайтаруға болатын есеп. «КуПС» – топ клуб емес. Иә, олар қорғаныста ойнайды, иә, қорғанысқа жабысып алуы мүмкін, сондықтан оны бұзып өту қиын болуы мүмкін, дәл «Торпедо» (Кутаиси) секілді («Ордабасының» Конференциялар лигасындағы қарымта ойыны – еск.). Нюанстар әсер етуі мүмкін, бірақ менің ойымша, ойын мәнері, құрам және мазмұны жағынан «Қайрат» күштірек, ал өз алаңындағы артықшылықтың арқасында есепті қайтаруы тиіс, – деп қорытындылады маман.

Фото: «Қайрат» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или