РПЛ-дың топ-клубы Зайнутдиновты қатарына қосуға жақын
Мәскеулік «Динамо» Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтың трансфері бойынша Түркияның «Бешікташпен» келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
«РБ Спорт» мәліметінше, ақ-көктер түркиялық клубқа 3 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасаған.
Зайнутдинов «Бешікташқа» 2023 жылы жазда ауысқан болатын. Бұған дейін ол Ресей Премьер-Лигасында ЦСКА және «Ростов» командаларында ойнады.
Өткен маусымда қорғаушы барлық турнирде 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Маусымның екінші жартысын жарақатына байланысты өткізіп алды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 3 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или