Александр Бублик – Александр Шевченко кездесуінің тікелей трансляциясы
Швейцарияның Гштаад қаласында ATP 250 Swiss Open Gstaad өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик (ATP рейтингінде №34) пен Александр Шевченко (АТР рейтингінде №101) екінші айналымда ойнайды.
Бірінші айналымдық кездесуде Шевченко турнир қожайыны, үш Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы, 19 ATP турнирінің жеңімпазы, Дэвис кубогының иегері және Олимпиада чемпионы Станислас Вавринкаға қарсы ойнап (АТР рейтингінде №156) екі сетте (6:1, 6:2) жеңіске жетті.
Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды
Кездесу Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Оның тікелей трансляциясы мына сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Swiss Open Gstaad 14-20 шілде аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 596 035 еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или