Қазақстандық шабуылшы «Ертіс» ойыншысы атанды
Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Тұңғышбаев «Ертіс» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ертіс» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісім шарт жасасқанын ресми түрде хабарлайды.
Еркебұлан павлодарлық футбол сүйер қауымға жақсы таныс, форвард 2022 жылғы маусымда «Ақсу» ФК сапында 28 матч өткізіп, 8 гол соғып жанкүйерлердің көзайымына айналған еді.
30 жастағы шабуылшы шымкенттік футболдың тәрбиеленушісі болып табылады. Кәсіби мансабын «Ордабасы» командасында бастаған. Шымкенттік клубта 2017 жылы Премьер Лига қола жүлдегері, 2023 жылы ел кубогының финалисті және сол жылы Премьер Лига чемпионы атанған. Жалпы отандық футбол тарихында «Ордабасы» сапында ең көп ойын өткізген футболшы болып табылады, еншісінде 248 матч және 35 гол.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап, екі жыл алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, Премьер Лига чемпионы және вице-чемпионы атанған (2020, 2019).
Жалпы Премьер Лигада 261 ойын өткізіп, 39 гол соқты. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 кездесу өткізіп, 1 голмен көзге түскен», - делінген клуб хабарламасында.