Жәнібек Әлімханұлы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіруді көздейтінін айтты

Жәнібек Әлімханұлы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіруді көздейтінін айтты

Орта салмақта WBO мен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіруді көздейтінін тағы бір рет атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Абсолют чемпион — нағыз бокстың шыңы. Мен соған ұмтыламын. Менің дивизиономда менен басқа ешкім жоқ», — деп жазды Жәнібек.

Орта салмақтағы WBC белбеуі — доминикандық Карлос Адаместе, ал WBA титулы — тәжірибелі кубалық боксшы Эрисланди Ларада.

Жәнібек соңғы кездесуін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, бесінші раундта француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсіріп, IBF және WBO белбеулерін қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или