Ыстықкөлде қазақстандық боксшы қаза тапты

Ыстықкөлде қазақстандық боксшы қаза тапты


Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінде қазақстандық боксшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2003 жылы туған спортшы демалыс кезінде көлге шомылып жүріп, қайғылы жағдайға тап болған. Ол бұл аймаққа жеке келген және демалыс базаларының бірінде тұрған. Айта кетейік, сол маңда 22 жасқа дейінгі Қазақстан бокс құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан еді, алайда Ирисматов ол жиынға қатыспаған.

Марқұмның денесі 9 шілдеде Шымкентке жеткізілгені хабарланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или