«Жеңіс» – «Жетісу» матчы Павлодарда өтетін болды
Қазақстан Премьер-лигасының 16-тур аясында өтетін астаналық «Жеңіс» пен талдықорғандық «Жетісу» арасындағы матчтың өткізілу уақыты мен орны өзгергені туралы елордалық клуб ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда ойын 12 шілде күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда аталған стадионда ірі фестиваль ұйымдастырылуына байланысты матч басқа қалаға ауыстырылды.
Жаңа мәліметке сәйкес, кездесу 13 шілде күні Павлодар қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 18:00-де.
Клуб жанкүйерлерден туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, Павлодарда өтетін ойында команданы қолдауға шақырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или