Бокстан Астанадағы Әлем кубогы: Наталья Богданова Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды

Бокстан Астанадағы Әлем кубогы: Наталья Богданова Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды


Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогында алтын медальға ие болды.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Наталья финалда Лекейша Перголитимен (Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті. Айта кетейік бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или