Зайнутдинов «Бешикташтың» Аустриядағы жазғы оқу-жаттығу жиынына қатысады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Аустрияда өтетін маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына «Бешикташ» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz
Стамбулдың «Бешикташ» командасы жаңа 2025/26 маусымына дайындалатын 35 ойыншының тізімін жариялады. Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысқандар қатарында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактер Зайнутдинов те бар.
10-17 шілде аралығында түркиялық клуб Аустриядағы оқу-жаттығу жиыны аясында төрт жолдастық кездесу өткізеді. «Бешикташтың» қарсыластары аустриялық «Санкт-Пельтен», «Адмира» және «Вольфсбергер» және словакиялық «Петржалка» болады.
Айта кетейік, 27 жастағы Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылы ауысты. Өткен маусымда ол 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді, бірақ жарақатына байланысты маусымның бір бөлігін өткізіп алған болатын.