Джейк Пол WBA рейтингінен орын алды
АҚШ-тағы танымал видеоблогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол жаңартылған WBA рейтингінде алғаш рет тіркелді, деп жазады Prosports.kz.
29 маусым күні Пол орта салмақта WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сезар Чавес-джуниорды төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Осы жеңістен кейін Джейк бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) WBA рейтингінде 14-орынға көтерілді. Бұл оны қазіргі чемпион Хильберто Рамиреске қарсы жекпе-жекке үміткер етпек.
28 жастағы боксшының еншісінде 12 жеңіс (оның ішінде 7 нокаут) және 1 жеңіліс бар. Былтыр қарашада ол Майк Тайсонды да төрешілер шешімімен жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или