Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы нақтыланды

Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы нақтыланды

Бокстан Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында Әлем кубогы турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордада жалауын көтеретін байрақты бәсекеге қатысатын Қазақсан құрамасы нақтыланды.

Ерлер құрамасы мен әйелдер құрамасының бас бапкерлер Қайрат Сәтжанов пен Елдос Сайдалин елімізде өтетін айтулы додаға төмендегі спортшыларды қатыстырмақ:

Ерлер:

  • 50 кг. Санжар Тәшкенбай
  • 55 кг. Махмұд Сабырхан
  • 60 кг. Серік Теміржанов
  • 65 кг. Ертуған Зейнуллинов
  • 70 кг. Абылайхан Жүсіпов
  • 75 кг. Сабыржан Аққалықов
  • 80 кг. Нұрбек Оралбай
  • 85 кг. Бекзат Нұрдәулетов
  • 90 кг. Сағындық Тоғамбай
  • 90+ кг. Айбек Оралбай.

Әйелдер:

  • 48 кг. Назым Қызайбай
  • 51 кг. Алуа Балқыбекова
  • 54 кг. Анель Сақыш
  • 57 кг. Айдана Забынбекова
  • 60 кг. Виктория Графеева
  • 65 кг. Аида Әбікеева
  • 70 кг. Наталья Богданова
  • 75 кг. Надежда Рябец
  • 80 кг. Гүлсая Ержан
  • 80+ кг. Елдана Талипова.

World Boxing ұйымдастыруымен өткелі жатқан айтулы додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, әлем кубогінің алғашқы екі кезеңі Польша мен Бразилияда өткен еді.

Турнир Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или