Алексей Полторанин классикалық спринтте үздік үштікті түйіндеді

Алексей Полторанин классикалық спринтте үздік үштікті түйіндеді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Шаңғы &nbsp;спортынан германиялық Оберстдорфте өтіп жатқан &laquo;Тур де Ски&raquo; көпкүндігінің төртінші &nbsp;кезеңінде классикалық спринтте қазақстандық Алексей Полторанин үшінші орын еншіледі.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> 1,4 шақырым қашықтықта норвегиялық Эмиль Иверсен оқ бойы озып келді. Иверсеннен екінші орын алған ресейлік Сергей Устюгов 1,03, ал Полторанин 1,40 секундқа қалып қойды. Есесіне қазақстандық шаңғышы атағынан ат үркетін норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю мен Петтер Нортугты, сондай-ақ неміс Себастьян Айзенлауэр сияқты мықтыларды артта қалдырды.</p> <p style="text-align: justify;"> Еске сала кетейік, &laquo;Тур де Ски&raquo; жарысында Швейцарияның Ленцерхайде мекенінде өткен екінші және үшінші кезеңінде Алексей бесінші және жетінші орынды иеленген болатын. &laquo;Тур де Ски&raquo; жарысының бесінші кезеңі Оберстдорфта, алтыншы кезеңі Италияның Тоблах, жетінші және қорытынды сегізінші кезеңі Валь ди Фиемме (бұл да Италияда) мекенінде өтеді.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или