Геннадий Головкин шаршы алаңға сәуір айында шығады

Геннадий Головкин шаршы алаңға сәуір айында шығады

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин 23 сәуір күні шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер кезекті жекпе-жекті Нью-Йорктағы «Madison Square Garden» аренасында өткізу туралы өтініш беріп үлгерген. Әзірге қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз.

Геннадий Головкин 23 сәуір күні жұдырықтасуы мүмкін боксшылардың бірі – Туреано Джонсон. 31 жастағы Багам аралдары өкілі IBF чемпиондық атағына міндетті үміткерлердің бірі. Сондай-ақ GGG менеджерінің таңдауы бойынша өзге боксшылар да бар. Оның бірі – британдық Билли Джо Сондерс. 26 жастағы боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін берілетін ақшалай сыйақы мөлшеріне келіспеуде. Ал спорт сарапшылары британдық боксшының бұл қылығын «жеңіс үшін емес, тек ақша үшін жұыдырықтаспақ, жеңіліс табарын жақсы біледі» деп бағалап отыр.

WBC осыған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің  кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір-бір жекпе-жек өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеулері тиіс. Алдын ала болжанғандай, Головкин мен Альварес арасындағы шаршы алаңдағы шайқас 2016 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2015 жылдың қорытындысы бойынша көптеген танымал басылымдар рейтингінде жылдың үздік спортшысы ретінде танылған-ды. Соңғы рет WBN нұсқасы бойынша үшінші рет "Жыл боксшысы" атанған болатын.

Massaget.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или