«Елімайдың» ойыншысы еуропалық клубқа ауысты
Румыниялық жартылай қорғаушы Эдуард-Мариан Флореску «Елімайдан» кеткен соң «Унирей» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sports.kz.
27 жастағы жартылай қорғаушы «Унирей»(Слобозия) командасымен келісімшартқа отырды. Ойыншы Румыния чемпионатының жаңа маусымы басталмай тұрып Брашовтағы оқу-жаттығу жиынында өзінің жаңа клубына қосылды.
Эдуард-Мариан Флореску 2025 жылғы ҚПЛ-да «Елімай» сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты. Айта кетейік, «Елімай»Флорескудың кәсіби мансабындағы алғашқы шетелдік клубы болды оған дейін ол тек Румынияда «Миовени», «Вииторул» (Констанца), «Ботошани», «Арджеш» және «Университатя Крайова» командаларында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или