Нұралы Әліптің клубы келесі маусымға жоспарын жариялады
Санкт-Петербургтік «Зениттің» басқарма төрағасы Александр Медведев келесі маусымда команданың алдына чемпиондық атақты қайтару мақсаты қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Функционер «Зениттің» қатарынан екінші рет чемпиондықтан айырылуға құқығы жоқ екенін меңзеді.
«Тағы да сондай жағдай қайталана ма? Біз бұған жол бермейміз! Мақсат — титулды қайтару», — деп келтіреді Медведевтің сөзін «РИА Новости Спорт».
Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Зенит» Ресей Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде екінші орынды иеленді. Ел чемпионы «Краснодар» атанса, үздік үштікті ЦСКА түйіндеді. РПЛ-дан тікелей «Факел» мен «Орынбор» командалары шығып қалды.
Еске салайық, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или