Санатәлі Төлтаев WBC Grand Prix турнирінің ширек финалына шықты

Санатәлі Төлтаев WBC Grand Prix турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы (63,5 кг) WBC мен Турки Әл аш-Шейх ұйымдастырып жатқан Гран-придің 1/8 финалында филиппиндік жеңіліп көрмеген боксшы Джеральд Интоны (12-0, 9 КО) жеңді.
Қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберіп алды. Ал 6 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер 59-57, 57-55, 57-55 есебімен жеңісті Төлтаевқа берді.
Айта кетейік, филиппиндік боксшы әлемнің үздік 50 боксшының қатарына кіреді. Сонымен қатар WBC Asia белбеуінің қазіргі иегері.
Осылайша Санатәлі Төлтаев ширек финалға шыққаны үшін 20 000 мың доллар көлемінде пайда тапты. Ал жеңіліп қалған боксшыға 10 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или