Теннис. Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы анықталды

Жеке сында шешуші кездесу неміс Александр Зверев (әлемнің үшінші нөмірі) мен америкалық Тейлор Фриц (әлемнің жетінші нөмірі) арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тейлор Фриц екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 7:6(0).
Матч бір сағат 27 минутқа созылды.
Осылайша, 27 жастағы америкалық теннисші мансабындағы жекелей сында тоғызыншы ATP титулын жеңіп алды және биылғы маусымда бірінші болды.
Еске салайық, Stuttgart Open турнирінің жалпы жүлде қоры 810 мың еуроны құрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или