«Атырау» белорусьтік қорғаушымен келісімшартқа отырады
«Атыраудың» бас менеджері Дидар Сыдықбек Telegram-арнасында клубтың трансфер жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Руслан Хадаркевич. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында тәжірибесі бар мықты орталық қорғаушы», - деп жазды атыраулық команда басшысы өз парақшасында.
Айта кетейік, 2023/2024 жылғы маусымда Беларусь құрамасының бұрынғы ойыншысы БАТЭ құрамында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Сол маусымда негізгі еуропалық футбол турнирінен шығарылғаннан кейін ол Беларусь командасымен Еуропа лигасының екінші кезеңіне шықты, онда екі матчтың қорытындысы бойынша Борисов клубы «Шерифтен» жеңілді.
Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымындағы 13 ойыннан кейін «Атырау» төрт ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында келеді.