Қазақстандық теннисші Нидерландыдағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (АТР рейтингінде 275-орын) Хертогенбос қаласында (Нидерланды) өтіп жатқан турнирді сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евсеев іріктеудің жартылай финалында америкалық Райли Опелкамен (93-орын) кездесіп, одан екі сетте 1:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 29 минутқа созылды.
Осылайша, қазақстандық теннисші бұл турнирдегі өнерін аяқтап, қарсыласы финалға шықты, онда ол эстониялық теннисші Марк Лаялмен (199-орын) кездеседі.
Хертогенбостағы турнирдің биылғы жүлде қоры 708 850 еуро. Жеңімпаз 107 490 еуро алады, сонымен қатар 250 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или