«Тур де Ски». Полторанин 10 км қашықтықта жетінші келді

Швейцарияның Ленцерхайде мекенінде шаңғы спортынан өтіп жатқан «Тур де Ски» көпкүндік жарысының үшінші кезеңінде ерлер арасындағы еркін стильмен ізге түсіп жарысуда 10 км қашықтықта қазақстандық Алексей Полторанин жетінші орыннан көрінді.

Бұл жолы да норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю ешкімге дес бермей, мәреге жекедара жетіп, жеңімпаз атанды. Алғашқы ондықтың қатарында келе жатқан А.Полторанин мәреге таялғанда, қарқынын үдетіп, жетінші орынға ілікті. Бұл да - жақсы көрсеткіш.

Еске сала кетейік, Қазақстанның көшбасшы шаңғышысы кеше классикалық стильмен 30 км қашықтықта бесінші орынды иеленген болатын.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или