Қазақстандық боксшы Нидерландтағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалыков Эйндховен (Нидерланд) қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup-2025 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аққалыков Уэльс боксшысы Орландо Холлей-Сатомимен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Келесі айналымда ол жергілікті боксшы Кипрус Сайруспен кездеседі.
Еске салайық, Сабыржан Аққалыков – 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы. Ересектер арасында ол 2025 жылы Болгарияда өткен «Странджа кубогында» алтын медаль жеңіп алды. 2021 жылы ол Қарағанды мен Астанада өткен бокс кештерінде екі кәсіпқой жекпе-жек өткізіп, екеуінде де техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или