«Ролан Гаррос» — 2025 турнирінің екінші финалисі анықталды

«Ролан Гаррос» — 2025 турнирінің екінші финалисі анықталды

2023 жылғы US Open чемпионы және әлемнің екінші ракеткасы, америкалық теннисші Кори Гауфф «Ролан Гаррос» – 2025 турнирінің финалына сенімді шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ролан Гарростың» жартылай финалында ол француз теннисшісі Лоис Буассонды жеңді.

Гауфф пен Буассон арасындағы матч 1 сағат 12 минутқа созылып, 6:1, 6:2 есебімен аяқталды.

«Ролан Гаррос» – 2025 титулы үшін Гауфф әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға қарсы күреседі. Алғашқы жартылай финалда Соболенко қазіргі чемпион, польшалық теннисші Ига Швентекті үш сетте жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или