«Қайраттан» жанжалмен кеткен бапкер РПЛ символикалық құрамасын жасақтады

«Қайраттан» жанжалмен кеткен бапкер РПЛ символикалық құрамасын жасақтады

Ресей құрамасы мен «Зениттің» бұрынғы футболшысы Александр Кержаков «Чемпионаттың» арнайы жобасына қатысып, РПЛ маусымының үздік құрамасын жасақтады. Ол 4-3-3 жүйесін таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашы — Станислав Агкацев.

Қорғаушылар — Мойзес, Виллиан Роша, Витор Тормена, Густаво Мантуан.

Жартылай қорғаушылар — Эдуард Сперцян, Матвей Кисляк, Алексей Батраков.

Шабуылшылар — Маркиньос, Мирлинд Даку, Луис Энрике.

2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ресей чемпионы «Краснодар» атанды. Екінші орынды «Зенит» иеленсе, үздік үштікті ЦСКА түйіндеді. 

Айта кетейік, Кержаков былтыр «Қайрат» клубын жаттықтырған болатын, алайда қыркүйекте күтпеген жерден қызметінен босатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или