Синнер Бубликті жеңген соң мәлімдеме жасады
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер «Ролан Гаррос – 2025» турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда қазақстандық Александр Бубликті 6:1, 7:6, 6:0 есебімен жеңді.
Кездесуден кейін Синнер әлеуметтік желіде: «Жартылай финалға шыққаныма қуаныштымын!!! Қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет!» деп жазды.
Ол US Open – 2024 турнирінен бері «Үлкен дулыға» жарыстарында жеңіліс көрмей келеді. Соңғы рет Синнерді осы деңгейде ұтқан ойыншы - Даниил Медведев (Уимблдон – 2024).
Жартылай финалда Синнер 24 дүркін «Үлкен дулыға» жеңімпазы Новак Джоковичпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или