Рамазан Оразов әлеуметтік желіде тың ақпаратпен бөлісті

Рамазан Оразов әлеуметтік желіде тың ақпаратпен бөлісті

Қазақстан ұлттық құрамасы мен даниялық «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Instagram әлеуметтік желісінде ұлттық құрама сапында ойнауға дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы матчтарға 100% дайынмын дейді:

«Құрметті жанкүйерлер! Мен маусымды жарақатсыз аяқтадым. Мен қазіргі уақытта 100% дайынмын. Назарларыңызға рақмет!», - деп жазды футболшы. 

27 жастағы футболшы мамыр айында Дания чемпионатының 2 ойынына ғана қатысып, жалпы 20 минут ғана жасыл алаңда уақыт өткізді. Осыған орай, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ойын уақыты өте аз деген себеппен Рамазанды алдағы матчтарға шақырмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или