«Тұран» Бердыев туралы алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды
Әзербайжанның «Туран Товуз» клубы бас бапкер Құрбан Бердыевтің жоғалып кеткені жөніндегі қауесетті ресми түрде теріске шығарды. Клуб мәлімдемесі әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланды.
«Маусым аяқталғанына қарамастан, Құрбан Бердыев елден кеткен жоқ. Қазір клуб басшылығымен байланыста болып, жаңа маусымға дайындық пен бапкерлер құрамын күшейту мәселесін талқылап жатыр», – делінген хабарламада.
Клуб Бердыевке толық сенім артатынын атап өтті. Сонымен қатар, жанкүйерлерге жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге кеңес берді.
Айта кетейік, бұған дейін Sport24 сайты Бердыевтің клубпен жоспарланған кездесуге келмегенін, 72 жастағы бапкерге хабарласу мүмкін болмағанын жазған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или