ҚФФ «Ақтөбе» футбол клубына айыппұл салды
Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымының 10-туры аясында өткен «Жетісу» – «Ақтөбе» кездесуінде тәртіптік ереже бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойын барысында «Ақтөбе» жанкүйерлері «Қайрат» командасына қатысты бейәдеп сөздер айтқан. Бұл әрекет ДР-дің 64-бабының 2-тармағына сәйкес, орынсыз мінез-құлық ретінде бағаланды.
Осы тәртіпбұзушылыққа байланысты «Ақтөбе» клубына 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлды төлеу мерзімі — 2025 жылдың 28 маусымына дейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или