Астанада оқушылар арасында өткен республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды

Елордада Балаларды қорғау күніне орай Қазақстан футбол федерациясыныңұйымдастыруымен өткен республикалық «Балдәурен» турнирі аяқталды. Ала доп сайысына еліміздің бірқатар өңірінен 200-ден астам жас футболшы қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде үш категорияда 22 команда бақ сынасты. 2-3 сынып (аралас) – 7 команда;4 сынып (ұлдар) – 10 команда;4 сынып (қыздар) – 5 команда.
Ойын Астанадағы «ҚФФ футбол үйінде» өтті. Тартысты ойында балаларды жеңіске деген жігері алға жетелеп, дода шынайы эмоциялармен, жарқын сәттермен есте қалды. Турнир – бұқаралық футболды ерте жастандамытуға бағытталған.
Сайыс жеңімпаздары:Аралас команда (2-3 сыныптар)1 орын – Алматы қаласы(1);2 орын – Маңғыстау облысы;3 орын – Астана қаласы(80).
Ұлдар (4 сынып)1 орын – Алматы қаласы;2 орын – Астана қаласы(71);3 орын – Жамбыл облысы.
Қыздар (4 сынып)1 орын – Алматы қаласы;2 орын – Жамбыл облысы;3 орын – БҚО.