«Бірнеше жыл бойы жиналған проблема». Қазақ футболындағы төрешілер мәселесі айтылды

«Бірнеше жыл бойы жиналған проблема». Қазақ футболындағы төрешілер мәселесі айтылды

Төрелік және инспек­ция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді. Әңгіме барысында португалиялық маман төрешілердің кәсіби даярлығы, VAR жүйесінің артықшылығы мен олқылығы, сондай-ақ УЕФА талаптарына сай реформа жасау бағытында қолға алынған нақты қадамдар туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Нуну мырза, жаңа қызметке келгеніңізге екі айдың жүзі болды. Еліміздегі төре­ліктің қазіргі жағдайы туралы ойыңыз қандай?

– Қазақстанға келгенімізге екі айдай болғанына қарамастан, премьер-лиганың барлық матчын, сондай-ақ кубок пен суперкубокты қарап шықтық. Жасыратыны жоқ, футболдағы төрелік ре­форманы қажет етеді. Әрине, көп­ші­лік­тің назары премьер-лигаға бағыт­талған, себебі негізгі қателік сол жер­­де көзге түседі. Бірақ бұл жоғары лигаға ғана қатысты емес, бірінші және екінші лига да, әйелдер чемпионаты да дамудың жаңа деңгейіне шығуы қажет. Тө­реліктің қазіргі жағдайы – бірнеше жыл бойы жиналған проблеманың салдары.

– Аталған мәселенің негізгі себеп­тері неде?

– Бір ғана себеп деуге келмейді. Өзектісі – төрешілердің кәсіби әрі жүйелі түрде білімін жетілдірмеуі. Мысалы, ешбір команда тұрақты жаттығу жасамаса нә­тижеге жетпейді. Ал төрешілер жылына бір-екі рет жиналып, қалған уақытта өздігімен әрекет етеді. Егер біз ойыншылар мен бапкерлерден кәсі­билікті талап етсек, төрешілерге де соған сай қолдау мен мүмкіндік берілуі керек.

Мені кей төрешілердің VAR сертификатын алғанына бірнеше жыл өтсе де, біліктілігін жетілдірмегені таңғалдырды. Одан бөлек, ішкі чемпионатта физикалық футбол басым. Матчтарда қатты қақтығыс, дөрекі ойын болады. Осының бәрі төрешілерге қысым келтіреді. Мұндай жағдайда олардың сенімді әрі байсалды болуы оңай емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или