Айбар Жақсылықов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

Айбар Жақсылықов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Айбар Жақсылықов алдағы матчтарға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайсар» клубының 27 жастағы шабуылшы сырқатына байланысты командаға көмектесе алмайды.

Биылғы маусымда Айбар қызылордалық клуб сапында 12 матч өткізіп, 6 голымен көзге түсті.

Айта кетейік, Қазақстан 5 маусым күні Минскіде Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Араға төрт күн салып, ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или