Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен тең түсті

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен тең түсті

19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан U-20 құрамасына қарсы екінші жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ташкент қаласында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 11-минутында өзбекстандық футболшы Мехрибон Эгамбердиева есеп ашты. Ал екінші таймда қазақстандықтар таразы басын теңестірді — 52-минутта Адрина Изимбаева гол соқты.

Еске салайық, екі құрама арасындағы алғашқы жолдастық матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или