Қой жылы спортшылар үшін несімен есте қалды?

Қой жылы спортшылар үшін несімен есте қалды?

Қазақстандық 24.kz сайты, 2015 жылы отандық спортта болған басты оқиғаларды еске алды.

2015 жыл тарихи жеңістер мен спорттық жетістіктерге де толы болды. Кәсіпқой боксшыларымыз, ауыр атлеттеріміз бен дзюдошыларымыз, футболшыларымыз бен велошабандоздарымыз халықаралық аренада Қазақстан туын көкке көтерді. Ақжолтай жаңалықтар мен жеңістер тізбегін футболдан бастасақ. Биыл тарихта тұңғыш рет қазақстандық «Астана» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, татымды ойынымен еуропалық сарапшыларды таң қалдырды. «Бенфика», «Атлетико», «Галатасарай» сынды клубтармен терезесі тең ойын көрсеткен астаналық аяқдопшылар топтық кезеңде азулы қарсыластарына өз алаңында жеңілген жоқ.

Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:

- «Астана» – Еуропада доп тепкен жаңа команда. Тұңғыш рет топтық кезеңге шығып отырмыз. Бізде тәжірибе болған жоқ. Бірақ оған қарамастан «Астана Аренада» жеңілген жоқпыз.

Барша қазақ жұртын таңғы 07:00-де ұйқыдан оятқан Геннадий Головкиннің жетістігі бір төбе. Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз биыл 3 кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңіске жетті.

2015 жыл «Астана арландары» кәсіпқой клубы үшін де жемісті болды. Осымен екінші мәрте Дүниежүзілік бокс сериясының бас бәйгесін жеңген «Арландар» қарсылас шыдатпай, тұғыр төрінен көрінді. Финалда олар бостандық аралының «Куба Домадорес» командасынан басым түсті. Ал дзюдодан Астанада өткен әлем чемпионатын жақын уақытта ұмыта қоюымыз екіталай. Себебі тарихта тұңғыш рет дәл осы байрақты бәсекенің ақтық сынында қос қазақ баласы бас жүлдені сарапқа салды. 60 келіге дейінгі салмақта татами тарландары Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев жергілікті жұрттың төбесін көкке жеткізді.

Елдос Сметов, дзюдодан әлем чемпионы:

- Қазір менде Олимпиаданың жолдамасы 100% бар деп айта аламын. Тек енді жаттығуды бәсеңдетпей, жігерлік таныту керек.

Қысқы спорт – түрлері елімізде айтарлықтай кенже қалған салалардың бірі. Десе де мәнерлеп сырғанауда алдына жан салмайтын шеберлеріміз жоқ емес. Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева үшін 2015 жыл сөзсіз жемісті болды. Тен Хорватияда өткен дүниежүзілік доданы жеңіп алса, Тұрсынбаева халықаралық аренада көк туымызды бір емес, бірнеше рет желбіретті.

АҚШ-та өткен әлем чемпионатында олимпиадалық 10 лицензияны олжалап, жалпы есепте екі алтын, екі күміс және бір қоламен үздік үштікті түйіндеген зілтеміршілеріміз қазір бабында. Бірақ допинг дауына байланысты үш бірдей ұлттық құраманың мүшесіне тыйым салынған препаратты қолданды деп айып тағылып отыр. Ал жыл соңында Ресейдегі халықаралық жарыста екі жаттығудың қорытындысы бойынша 437 келіні көкке көтерген Илья Ильин әлем рекордын жаңартты.

Елсияр Қанағатов, ҚР Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитеттің төрағасы:

- Қазіргі таңда бізде 48 спортшының Олимпиадаға баратыны белгілі. Жоспар бойынша жүзден астам лицензия алу көзделіп отыр. Сол жоспарды спортшылар бапкерлерімен бірігіп орындаулары керек.

2020 жылы Қазақстан халқының 30%-ы бұқаралық спортқа тартылуы тиіс. Бұл – Елбасы қойған басты талаптардың бірі. Осы жыл толағай жетістіктер жылы болды. Бірақ бізді одан да үлкен табыстар күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или