Флойд Мэйвезер: «Головкин мықты болса, неге Андре Уордпен жұдырықтаспайды?»

Флойд Мэйвезер: «Головкин мықты болса, неге Андре Уордпен жұдырықтаспайды?»

Атақты америкалық боксшы Флойд Мэйвезердің айтуынша, Андре Уорд ресейлік Сергей Ковалевтен гөрі қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы қажет.

«Бернард Хопкинс орта салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенде, ол жекпе-жекке Оскар Де Ла Хойя, Шейн Мозли, Феликс  Тринидад сынды боксшыларды шақырған, сол кезде бәрі Бернард кішкентай боксшылармен ғана жұдырықтасады деп оны айыптаған болатын. Тура сол істі Геннадий Головкин жасағанда, ешкім ештеңе айтпайды. Мен расист емеспін, бірақ расизм әлі де бар».

«Андре Уордтың орнында мен ешқашан жартылай ауыр салмаққа көтеріліп Сергей Ковалевпен кездеспес едім. Уорд екінші орта салмақ дәрежесінің боксшысы. Ол өз салмақ дәрежесінде жұдырықтасуы тиіс».

«Барлығы GGG туралы айтуда. Головкин жайлы былтырдан бері білемін. Егерде Геннадий өзін мықтымын деп санайтын болса, онда неге ол үш-төрт келі қосып Андре Уордпен жұдырықтаспайды? Менің ойымша, Уорд үшін бұл жеңіл жекпе-жек», — деді Флойд Мэйвезер.

tofight.ru сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или