Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дастанның ойындарын толық көрмедім, бірақ шолу видеоларын, соңғы кездері соққан голдарын көріп жүрмін. Өте талантты екені көрініп тұр. Жасына сай емес деңгейде ойнайды. Дастан әлі жас болса да, алаңда өзін қалай ұстауы, ойын көру қабілеті, шешім қабылдауы – бәрі оның дайын футболшы екенін көрсетеді.

Потенциалы өте жоғары. «Челси» секілді клубтың қызығушылық танытуы бекер емес. Оның болашағы бар. Қалғаны – өзі мен бапкерлеріне байланысты. Оның жасы үшін мұндай нәтиже көрсету – өте жоғары деңгей», – деді Кападзе «Футбол жолы» жобасына берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или