«Қайрат» футболшысы карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

«Қайрат» футболшысы карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

37 жастағы Беларусь футболшысы Александр Мартынович карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ол «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. Бұған дейін «Рубин», «Краснодар», «Урал» және Минскінің «Динамо» командаларында ойнаған.

— «Қайратпен» келісімшартыңыз қыста аяқталады. Карьераны аяқтау туралы ой бар ма?

— Бәрінің өз уақыты бар. Бұл туралы кейін білесіздер, уайымдамаңыздар (күледі). Менің келісімшартым бар. Жаттығып жүрмін, жұмыс істеп жатырмын — бәрі жақсы.

Осы маусымда футболшы «Қайрат» сапында барлық турнирде 12 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или