Thailand Open - 2025: Тікелей эфир

Thailand Open - 2025: Тікелей эфир


Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде бүгін ширек финал кезеңі аяқталады. Күндізгі жекпе-жектер 12:00-де, ал кешкі сессия 15:00-де басталады.


Кеше Қазақстан құрамасының боксшылары бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. 55 келіде Нұрсұлтан Алтынбек жапондық Сейджуро Мидзогутиден басым түсті. Ал 50 келіде Нұрзат Оңғаров оңтүстіккореялық Таегюн Юнды жеңді.

Дулат Бекбауов (65 кг) Қырғызстан өкілі Мүнарбек Сейітбекұлын ұтса, 80 келіде Диас Молжігітов индонезиялық Майхелу Мускитені тізе бүктірді. Жалғыз жеңіліс Гүлназ Бурибаеваның (55 кг) еншісінде — ол украиналық Ольга Шалимоваға есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или