Қазақстандық зілтеміршілердің бәрі лицензиядан айырылуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық барлық зілтеміршілер олимпиадалық лицензияларынан айырылып қалуы мүмкін.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
КТК телеарнасының мәлімдеуінше, Астана Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тағайындаған 50 мың доллар айыппұлды уақытында төлеуі тиіс. Төлемеген жағдайда барлық спортшыны лицензиядан айыру жазасы қолданылады. Айта кетейік, 30 желтоқсанда Астанада Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі шұғыл жиын өткізді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или