ТОП-7. 2015 несімен есте қалды

ТОП-7. 2015 несімен есте қалды

2015 жыл қазақ спорты үшін берекелі болды. Отандастарымыз сан түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып, көк туымызды желбіретті. «PROСПОРТ» тілшісі қазақ спорты үшін 2015 жылдағы маңызды да табысты оқиғаларды еске түсірмек.

7-орын

Рейтингіні дзюдодағы жетістіктен бастағалы отырмыз. Елордамызда дзюдодан әлем чемпионаты өткен болатын. Мұндай ірі шараны еліміз тұңғыш рет қабылдап отырғанына қарамастан, әлемдік біріншілік жоғары деңгейде өтті. Оның үстіне, аталмыш жарыста қазақ жігіті чемпион атанды. Иә, тәуелсіздік алғалы дзюдода жолымыз болмай келген. Бірақ Астана төрінде 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов алтыннан алқа тағынды. Оған қоса, Сметов финалда тағы бір қазақстандық Рустам Ыбыраевпен кездескен болатын. Осылайша, қазақстандықтар бір салмақта алтын мен күмісті қатар олжалады.

6-орын

Тізімге зілтеміршіміз Илья Ильиннің жетістіктерін қоспасақ айып болар. Қызылорда облысының тумасы биыл да өзін жоғары деңгейде көрсетті. Илья алдымен ел спартакиадасында әлем рекордын орнатқан болатын. Кейін Грозный қаласында өткен Ресей президентінің кубогындағы жеңісі оның нағыз чемпион екенін тағы да дәлелдеді. Ильин жұлқа көтеруде 191 келіні бағындырып, серпе көтеруде 246 келіні еңсеріп, қос жаттығу бойынша 437 келімен алтын жүлде олжалады. Айта кетейік, қазақстандық атлет бұл додада серпе көтеру мен қос жаттығу көрсеткіші бойынша әлем рекордын жаңартты. Өзі қатысқан халықаралық жарыстардың бәрінде де жеңіске жеткен Илья Ильин келер жылы Риода да көк туымызды желбіретеді деп сенейік.

5-орын

Бүгінде қазақ боксымен әлем санасатын күнге жеттік. Биыл әуесқой немесе кәсіпқой бокстағы жетістіктерден бөлек, Astana Arlans клубы да төбемізді көкке жеткізді. «Арландар» Бүкіләлемдік бокс сериясында екінші рет чемпион атанды. 16 клубтың ішінде топ жарған астаналықтар финалда «Cuba Domadores» командасынан айласын асырды. Қазақстандық ұжым бес маусымда да жүлдегер атанған. Бүгінде «Астана Арландарының» еншісінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.

4-орын

Қазақстан үшін футзалда қос бірдей қуаныш болды. Сондықтан рейтингінің төртінші сатысын футзалшыларымызға арнадық. Алдымен алматылық «Қайрат» УЕФА кубогында топ жарды. Какау шәкірттері жартылай финалда ресейлік «Динадан» басым түссе, кейін финалда испаниялық «Барселонаны» 3:2 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, «Қайрат» тарихында екінші рет Еуропаның үздік клубы атанып отыр.

Футзалдан Қазақстан құрамасы үшін де биылғы жыл жемісті өтті. Құрамамыз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды. Шешуші жекпе-жекте қазақстандықтар Босния және Герцеговина құрамасын тас-талқан етті. Бұл аз десеңіз, желтоқсанның басында Какау баптайтын Қазақстан құрамасы келер жылы Колумбияда өтетін әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтті.

3-орын

Үздік үштікті тағы бір зілтеміршімізге бергенді жөн санадық. Басқа-басқа, бірақ Александр Зайчиковтен АҚШ-та өткен әлем чемпионатында ешкім алтын күткен жоқ. Алайда, Илья Ильиннің салмағында өнер көрсеткен қызылордалық ауыр атлет шашасына шаң жұқтырмады. Алдымен әлем чемпионатында бас жүлде алған Александр көп ұзамай Грозныйға аттанып, Ресей президентінің кубогында күміс медаль еншіледі. Илья Ильинмен бір салмақта өнер көрсетсеңіз, күмістің өзі алтынмен пара-пар екені сөзсіз. Сондықтан Зайчиков қос бірдей жеңіске қол жеткізді деуге болады.

2-орын

Рейтингіміздің екінші орнына Геннадий Головкин жайғасты. Қазақстандық кәсіпқой боксшы биыл үш кездесу өткізген. Алдымен британиялық Мартин Мюррейді, артынша америкалық кіші Вилли Монро  мен канадалық Давид Лемьені нокаутқа жіберді. 34 жекпе-жек – 34 жеңіс, 31 нокаут. Тамаша көрсеткіш. Лемьені жеңгеннен кейін Головкин WBA және IBO чемпиондық титулына IBF белбеуін қосты. Сондай-ақ, уақытша WBC чемпионы деген атағы тағы бар. Жалпы, Головкиннің жекпе-жектері барша Қазақстан үшін ерекше мереке екені белгілі. Алдағы жылдарда да GGG өз жанкүйерлерін жеңістерімен қуанта берсін.

1-орын

Футбол – нөмірі бірінші спорт. Сондықтан осы спорт түрінен жеткен үлкен табысты бірінші орынға қойғанымыз жөн болар. Футболымыздың тарихында тұңғыш рет қазақстандық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Елордалық «Астана» шілдеде бастау алған еуросаяхатын желтоқсан айында бір-ақ аяқтады. Тартысты кездесулер, эмоцияға толы сәттер, үлкен қуаныш... Осының бәрін «Астана» қазақстандық футболсүйер қауымға сыйлай алды. Іріктеу кезеңінде «Марибор», ХИК, АПОЭЛ секілді мықты ұжымдардан өткен елордалық клуб топтық кезеңде «Галатасарай», «Бенфика» және «Атлетико Мадрид» сынды азулы командалармен жоғары деңгейде күресе білді. Өз тобында соңғы орын алса да, «Астана» өз алаңында бір рет те ұтылмай, жарысты абыройлы аяқтады. Ел чемпиондары 2016 жылы да Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бақ сынап, «Астана Аренада» атақты клубтармен иық тірестіреді деген үміттеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или