Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды


Қазақстандық, 20 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Мааньшань (Қытай) ITF W15 турнирінде үздік шықты.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Софья Лансеремен бірге барлығы төрт кездесуін жеңіспен тәмамдады. Қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, қытайлық Меики Куо – таиландтық Пеангтарн Плипуекпен чемпиондық атақ үшін таласты.

Бірінші партияда Кенжебаева – Лансере 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде қытайлық-таиландтық дуэт қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Сандуғаш пен Софья таразы басын аудара білді – 10:8. Финалдық матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или