Кайпанов пен Айтмұхан Кубокқа қатыспайды

Кайпанов пен Айтмұхан Кубокқа қатыспайды


Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде басталған Қазақстан Кубогына ұлттық құрама сапындағы негізгі балуандардың бірқатары қатыспайды.

Атап айтқанда, Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі) және Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жарысқа шықпайды. Қайпановқа бұл жолы қатыспауға бапкерлер рұқсат берген – ол бір жылдың ішінде әлем және Азия чемпионаттарында топ жарды. Сондықтан бұл жарысты өткізіп жіберуіне себеп бар.

Ал Айтмұхан мен Бақбергенова үшін өз салмақтарында лайықты бәсеке жоқ. Яғни, кім жеңіске жетсе де, әлем чемпионатына Загребке аттанатындар – осы екеуі. Сонымен қатар, бұған дейін Әлішер Ерғали 97 келіден бас тартып, қайтадан 125 келіге оралғаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или