Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін бастайды: ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу кезеңін бастайды: ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 маусым күні Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді. 

Айта кетейік, жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда Астанада басталады. Тізімге 25 футболшы енді.

Қазақстан U-21 жастар құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Рамазан Кәрімов («Жетісу»), Санжар Ануаров («Астана»), Александр Мигунов («Шахтер»), Эльхан Сандов («Шахтер»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Әлихан Серікбай («Каспий»);

Жартылай қорғаушылар: Әбинур Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Олжас Байбек («Қайрат»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Нұрәли Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS);

Шабуылшылар: Артем Литош («Хан-Тәңірі»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).

Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Сағи Маликайдар («Тұран»), Мирас Оматай («Жетісу»), Аслан Ахмедов («Жетісу»), Тамерлан Ағыманов («Ертіс»), Сэйф Попов («Алтай»), Абзал Баймолда («SD Family»).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или