Рыбакина Страсбургтегі турнирде жартылай финалға өтті
Әлемнің 12-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда ол польшалық Магда Линеттті 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Екі теннисші бұған дейін де екі рет кездескен – 2021 және 2023 жылдары, бұл жолы да Елена екі сетте жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 40 минутқа созылды.
Келесі айналымда Рыбакина америкалық Эмма Наварро мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или