Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (АТР рейтингінде 819-орын) Ташкенттегі (Өзбекстан) турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Ломакин үндістандық Мадвин Хаматпен (1518-ші орын) кездесіп, оны үш сетте 3:6, 7:6, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды.

Григорийдің келесі қарсыласы италиялық теннисші Лоренцо Лоруссо (1241-ші орын) болады.

Айта кетейік, Григорий Ломакин Ташкенттегі турнирдің жұптық сынында да өнер көрсетеді, украиналық Владислав Орловпен бірге, ширек финалда Илья Игнатов (Өзбекстан)/Амир Милушев (Өзбекстан) жұбымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или