Денис Тен: «Спортшылар ешқандай дағдарысты сезініп отырған жоқ»

Денис Тен: «Спортшылар ешқандай дағдарысты сезініп отырған жоқ»

Астанадағы «Алау» мұзайдын сарайында отандық спорттың жұлдызы Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері биылғы жылды табысты аяқтады. Қараша айында спортшы Германияда өткен NRW Trophy турнирінде екінші орын алса, желтоқсан айының басында Хорватиядағы Golden Spin турнирінің бас жүлдесін иеленді.

Баспасөз мәслихаты барысында Денис Тен тілшілердің сауалдарына жауап беріп, жанкүйерлерімен тілдесті. Спортшы 2015 жылды қорытындылап, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Мәнерлеп сырғанаудан өзіндік орнын айшықтаған ол жетістігін спортшыларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың арқасы екендігімен түсіндірді. Тіпті қазақстандық спортшылар дағдарысты еш сезбейтіндігін де алға тартты. Керісінше, жыл санап еліміздің еңсесі тіктеп, Ұлы дала елінің танымалдылығы артуда. Жуырда ғана Жапониядан келген Денис елімізде мәнерлеп сырғанаудан өтетін дәстүрлі шоуға 200-ден астам күншығыс елінің азаматы келуге ниетті екендіктерін айтты. «Яғни спорт саңлақтарының алар асуы әлі алда», - деді чемпион.

Денис Тен, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Біз, спортшылар ешқандай дағдарысты сезіп отырғанымыз жоқ. Еліміздегі тұрақтылық мақсатымызға кедергісіз жетуге мүмкіндік береді. Қазір мен мәнерлеп сырғанауға бет бұрған жастардың саны артып, ерекше қызығушылық пайда болғанын байқаймын. Болашақта тыңнан түрен салған жаңа жұлдыздар пайда болатындығына сенімім мол.

Мәслихат соңында жанкүйерлер спорт жұлдызымен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или