Рыбакина мен Путинцеваның Страсбург турниріндегі қарсыласы анықталды
19-24 мамыр аралығында өтетін Страсбург (Франция) WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 43-орында тұрған қытайлық Ван Синьюй немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.
Әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 41-сатыдағы словакиялық Ребекка Шрамковамен шеберлік байқасады.
Өткен жылы Ю.Путинцева Страсбургте бастапқы айналымнан аса алмаса, Е.Рыбакина қатыспаған еді. 2024 жылы мұнда америкалық Мэдисон Киз чемпион атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или