Головкин келесі жекпе-жегін сәуірде өткізгісі келеді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Орта салмақта WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы және WBC уақытша чемпионы Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) бапкері Абель Санчестің айтуынша, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін сәуірде өткізгісі келеді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Ол Том Леффлермен (Головкиннің промоутері — Авт.) әңгімелесу барысында келесі жылдың сәуірінде жұдырықтасқысы келетінін мәлім етті. Өз басым Геннадий 8-9 аптадан астам залда болғанын жөн көрмеймін. Сондықтан, бізге жекпе-жектің күнін белгілеп бергеннен кейін оған 8-9 апта дайындаламыз», - деді Санчес BoxingScene.com-ға берген сұхбатында.</p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетейік, Головкин осы жекпе-жектен кейін WBC чемпионы Сауль Альвареспен (46-1-1, 32 КО) кездесуге міндетті болады. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или