Анатолий Ким: «Біздің спортшыларымыз допинг қабылдамайды, орнына қымыз ішеді»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандағы аралас жекпе-жек шеберлері допинг қабылдамайды. Керісінше, оның орнына қымыз ішеді. Яғни ұлттық сусынымыз спортшыларға керемет күш пен мұқалмас жігер беруде екен. Бұл туралы Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким мәлім етті. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Осының арқасында биыл жерлестеріміз әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде II орынға шықты. Дәлірек айтқанда, қоржынымызда 5 күміс пен 1 қола медаль бар. Бұл аз десеңіз, Қазақстан құрамасы 2015 жылы бірнеше халықаралық және құрлықтық додада топ жарды. Ерекшелігі сол, қымыздың осындай құдіреттілігін естіген басқа елдің спортшылары да оны сұратып ішеді екен.</p>
<p style="text-align: justify;">
«Осы қымыздың арқасында төрткүл дүниеге танымал ресейлік Сергей Харитонов биыл жеңіске жетті. Яғни ол елімізде жүргізген жаттығу жұмыстарында үнемі ұлттық сусынды қолданды. Кейін «Мені жеңіске жетелеген қымыз» деген болатын», - дейді. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или